- Соңғы уақытта жер шетелдіктерге сатылады немесе шетелдің 55 ескі зауыты көшіріледі, мыңдаған шетелдік жұмысшылар тартылады деген қауесет тарады. Біздің халық мұндай нәрселерге алданып қалмауы керек. Мұндай қауесеттер елдің патриоттық көңіл-күйлерін шебер басқаратын, сонымен қатар эмоционалды, үрейлі адамдарды өздерінің нақты мақсаттарына жету үшін пайдаланатын зұлым адамдардан шығады, - деді ол.
Президент "біз жерді ешкімге бермейміз" деп тағы бір мәрте қайталады.
- Мұндай айла-шарғылардың геосаясаттың бір бөлігі екенін түсіну керек, оның мақсаты халықтың бірлігін бұзу, Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру болып табылады. Біздің халқымыз дана, өз ақылымен өмір сүре алады. Биліктің міндеті қоғаммен сөйлесу, мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру - осы жұмысты біз үнемі нашар жүргіземіз. Ортақ пікірлер мен ұсыныстарды тыңдап, құрметтеу керек. Мен тағы да біз жерді ешкімге бермейміз, және біз әрқашан халықтың тыңдаймыз деп қайталаймын, - деп сендірді Тоқаев.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елде масылдыққа жол берілмейтінін жеткізді.
Қазақстан – президенттік басқару формасы бар мемлекет болып қала беруі керек деп ойлаймын, бірақ Парламент саяси жүйеде өзінің лайықты орнын алуы керек.
Саяси бәсекелестікке серпін беріп, азаматтардың елдің саяси өміріне нақты қатысуын кеңейтетін және көппартиялы жүйенің дамуына ықпал ететін кез келді.
Мемлекет өз азаматтарын тыңдауға міндетті, бастысы – халықтың үнін естуі керек. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалпына келтіру керек. Ұлттық экономика барлық азаматтарымыздың әл-ауқатын нақты арттыру үшін жұмыс істеуі тиіс.
Масылдық пиғылдың орын алуына жол берілмейді. Өкінішке қарай, бұл кесел ұлттық мінез-құлқымызға кері әсерін тигізуде.
Бүкіл қоғам болып жұртшылықты еңбекке баулуға тиіспіз. Табысты жұмыс істегені үшін азаматтарды қаржылай ынталандыру керек. Бұл – мемлекеттің міндеті.