Сәтқалиев халықаралық уағдаластықтар шеңберінде консорциумға қатысушылармен халықаралық құқық тұрғысында консультациялар өткізу жайында ашықтан ашық тапсырма берілгенін еске салды.
"Бізде кен орындарын игеру мерзімдері, консорциумдағы мерзімдер негізінде серіктестері Chevron, Exxon Mobil, Лукойл болып табылатын ТШО, Теңіз кен орны бойынша келісімшарттарды қайта қарағымыз келеді. Олармен алдын-ала белгілі бір консультацияларды бастауды жоспарлап отырмыз. Әрине, келіссөздерді бастауға дайын болған кезде. Алдын ала Үкімет күн тәртібін қалыптастырады, өз талаптарының тізімін құруы керек. Мүмкін болатын талаптардың бірі – Қазақстанның осы жобалардағы үлесін ұлғайту, осы туралы айтылатын болады", - деді Энергетика министрі.
Айта кетсек, 28 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қазақстан үшін тиімді шарттарда мұнай кен орындарына қатысты Өнім бөлінісі туралы келісімдер (ӨБК) бойынша келіссөздерді жандандыруды тапсырған болатын.
"Қазақстан нарығына геологиялық барлаумен айналысатын ірі шетелдік компаниялар келді. Жер қойнауын пайдалану құқығын ашық әрі қарапайым тәртіппен бөлетін Бірыңғай платформа іске қосылды. Парламент сессиясының соңына дейін бұл жұмыстың заңнамалық негізін қамтамасыз ету керек. Жер қойнауын пайдалану саласындағы реформа еш кедергіге қарамастан жалғасуға тиіс. Бұл – принципті ұстаным. Үкімет мұны қатаң түрде сақтауы қажет. Ірі кен орындарының өнімін бөлу жөніндегі келісімді іске асыру нәтижесінде Қазақстан жаһандық нарыққа қуат көзін сенімді жеткізушіге айналды. Бұл жобалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосады. Сонымен қатар қомақты инвестициялар ұзақмерзімді жоспарлауды талап етеді. Сондықтан Үкімет өнімді бөлу жөніндегі келісімдерді елімізге анағұрлым тиімді әрі жаңа шарттармен ұзарту үшін келіссөздерді жандандыруы қажет", - деді Президент бұл ретте.
Қазіргі уақытта ТШО-ның 50%-ы Chevron-ға, 25%-ы Exxon Mobil-ға, 20%-ы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына және 5%-ы ресейлік "ЛУКОЙЛ" компаниясына тиесілі. ТШО бойынша қолданыстағы келісімшарт 2033 жылға дейін күшіне ие екенін де айта кетелік.
Бұған дейін елімізде мемлекеттік реттеу алынып, жанар-жағармай мен дизель отынының бағалары еркіне жіберілгені хабарланған. Сондай-ақ бұған дейін сайтымызда "Бұрғыла, жаным, бұрғыла. Трамп айтты, ТШО орындады!" деген мақала жарияланған болатын.