– Жаңа бір хабарландыру көрдім. Жұмысқа тұру үшін орыс тілінде еркін сөйлеп, жаза білуің керек екен. Қарап отырып қорланасың, – дейді журналист.
Бірақ қорланғаныңды айтып, қарсы сөз айтсаң болғаны бәлеге қаласың.
Әбдіхалықұлының айтуынша, тілдік құқыңның күн сайын әр жерде тапталып жатқанын айта бастасаң, бәрі мұрнын тыржитады. Сені ешкім тыңдағысы келмейді.
– Ресми орындардың екі тілде сөйлейтін жұртқа екі түрлі қатынас ұстанатыны анық көрініп тұрады. Қазақша сөйлесең олар саған жүре жауап береді. Тіпті кейде сенің сауалыңа, ұсынысыңа жауап беруді қажет деп есепемейді.
Өйткені, қазақ даукес, жақсылықты білмейді, бір нәрсені сараптап орнықты ой айта алмайды
Қашан көрсең, ұлт, тіл деген ұлттық тақырыптарды ғана айтып қақсай береді деп ойлайды. Тілдің қорлығынан қашан құтылады екенбіз... Бұл бір арман болды. Бір тіл - бір мемлекет болмай ештеңе көгермейді, қалғаны бос әңгіме, – дейді журналист.
Дереккөз: kaz.365info.kz