Тараз қаласының тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz
Полиция мәліметінше, азамат әлеуметтік желідегі эфир кезінде көпшілік алдында балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткен. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізген.
Тексеру барысында «Тау адам» лақап атымен тіркелген аккаунттың Тараз қаласының тұрғыны Абзал Салиховқа тиесілі екені анықталған.
Іс сотта қаралып, азамат әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот қаулысымен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілердегі жарияланымдар мен тікелей эфирлерде қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын сақтаудың маңызын еске салды.