Threads-те референдум туралы сауалнама жасаған қазақстандыққа айыппұл салынды

Көркем Алдабергенова 26 ақп. 2026 16:47

Алматы қаласының Алмалы ауданы прокуратурасы қазақстандық Жолдасбек Темірғалиевті Threads әлеуметтік желісінде жаңа Конституция жобасына қатысты сауалнама жариялағаны үшін 15 АЕК (64 875 теңге) көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Темірғалиев жүргізген сауалнамаға 2880 қолданушыны қатысқан. Осыдан кейін ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігі бойынша, заң талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгені үшін жауапқа тартылды. Айыппұл салынған соң жарияланым өшірілген.

Темірғалиевтің айтуынша, ол бұл дауыс беруді бұған дейін жарияланған деректермен салыстыру үшін бастаған. Аталған деректерде телефон арқылы жүргізілген зерттеу нәтижесінде (1200 респондент қамтылған) конституциялық түзетулерді 78% қолдайды деген көрсеткіш келтірілген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, референдум тақырыбы бойынша сауалнаманы тек Қазақстанда тіркелген, кемінде 5 жылдық әлеуметтік зерттеу тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана жүргізе алады. Сонымен қатар мұндай зерттеу Орталық референдум комиссиясына алдын ала хабарлануы тиіс.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove