Александр Бабичев "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Tele2/Altel ұялы операторы) басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Ол Сергей Назаренконың орнын басты, деп жазады Dalanews.kz.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Соңғы бес жыл ішінде Александр Бабичев Tele2/Altel-дің коммерциялық бағытына басшылық етті, сонымен қатар Mobile Telecom Service операторының басқарма мүшесі болды. Ол INSEAD арқылы алынған жоғары буын менеджерлерін даярлайтын әлемдегі жетекші бизнес мектептерінің бірі - Global Executive MBA степендиясының иегері.
Александр Бабичевтің телекоммуникация саласында 20 жылдан астам және әртүрлі нарықтарда Tele2/Altel бизнесін дамыту бойынша 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
Айта кетсек, алғаш рет "Қазақтелекомның" Tele2/Altel брендтерімен жұмыс істейтін өзінің мобильді активтерінің бірі — "Мобайл Телеком-Сервисті" (МТ-С) қатарлық инвесторға сататыны туралы 2024 жылдың ақпан айында белгілі болды . 2024 жылдың маусым айында ЦДИАӨМ басшысы Жаслан Мәдиев мәміле сомасы 1 млрд доллар болатынын шамалады (кейінірек бұл соманың 1,1 млрд доллар екені нақтыланды). "Қазақтелеком" 2019 жылдың мамыр айынан бастап жалғыз акционер ретінде МТ-С-ті меншіктеді. Содан кейін ол өзінің серіктесі — Tele2 компаниясынан Khan Tengri Holding B. V бірлескен кәсіпорнындағы үлесін сатып алды. 2025 жылы 14 қаңтарда "Қазақтелекомға" тиесілі "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ны катарлық компанияның сатып алуы бойынша мәміле аяқталды.
Бұл тақырыппен өзектес сайтымыздағы "Қазақтелеком" акциялары күрт құлдырап, KASE у-шу болды. Сарапшылар не дейді" деген мақаланы да оқи отырыңыздар.