Синоптиктер 18-20 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мамандардың мәліметінше, атмосфералық фронттар әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.
Солтүстік, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда нөсер жауын жаууы мүмкін. Сонымен қатар, бұршақ жауып, жел соғуы ықтимал.
19-20 маусымда еліміздің батысында күн қатты ысиды. Ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі. Ал басқа өңірлерде айтарлықтай өзгеріс болмайды.