2025 жылдың басынан бастап қыркүйекке дейін отандық банктер 1,86 трлн теңге, оның ішінде тамыз айында 223 млрд теңге табыс тапты. Бұл дерек Ұлттық Банк жариялаған статистикада көрсетілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бір ай бұрынғы табысы жағынан банктер арасында суырылып шыққан үздік бестікке қатысты айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Тек, 11,9 млрд теңгеге табысқа ие ForteBank бір сатыға көтеріліп, Alatau City Bank-ті төменге ығыстырды. Еліміздегі ең ірі 10 банктің ішінде пайыздық мөлшерлеме қатынасында пайданың ең үлкен өсімін ЦентрКредит Банкі көрсетіп отыр: шілдедегі нәтижеге +16,7% қосып.
Тамыз айында таза кірісі бойынша бес ірі банк қатарына мыналар жатады:
- Halyk Bank - 78,9 млрд теңге, жыл басынан бергісі - 652 млрд теңге;
- Kaspi Bank - 53 млрд теңге/ 372,4 млрд теңге;
- ЦКБ - 19,9 млрд теңге/180 млрд теңге;
- ForteBank - 11,95 млрд теңге/121 млрд теңге;
- Alatau city - 10,8 млрд теңге/126,6 млрд теңге.
Осы үздік бестіктің ізін өкшелеп, Bank RBK күтпеген жерден алтыншы орынға шықты. Ол бір айда 6 млрд теңге табыс тапты (жыл басынан бері 46,9 млрд теңге). Одан кейін Freedom Bank тұр, оның табысы 5,5 млрд теңгені құрап, жылдық шығыны 20,5 млрд теңгеге дейін қысқарды. Табысы азайғандар арасында "Ситибанк Казахстан" (69,7 млрд теңгеден 54,4 млрд теңгеге дейін), "Шинхан Банк Казахстан" (23,7 млрд теңгеден 20,4 млрд теңгеге дейін) да бар. Ал Bank of China Kazakhstan (+3,8 млрд теңге), Еуразиялық банк (+3,7 млрд теңге), Home Credit BANK (+3,5 млрд теңге) жақсы пайдаға кеңелген.
Бір қызығы, елдегі активтері бойынша төртінші банк болып табылатын "Отбасы" айлық табысының небәрі 1,8 млрд теңгені (бір ай бұрын 10,7 млрд теңге болған) құрауына байланысты төменгі қатарға сырғыған. Айдың қорытындысы бойынша МҚҰ-дан енді ғана банкке айналып үлгерген BNK Commercial Bank (-290 млрд теңге) пен исламдық "Заман банкі" (-378,5 млрд теңге) таза шығынға батқандар қатарына жатқызылыпты. Сол секілді тамыз айының қорытындысы бойынша шығыны ұлғайған банктер арасында "Банк БиЭнКей" (- 107 млн теңгеден (- ) 397 млн теңгеге дейін немесе төрт есе) де ерекше көзге түсті.