Су тасқынынан кейін жылан пайда болды: Құлсары тұрғындары тағы да әбігерге түсті

Су тасқынынан кейін жылан пайда болды: Құлсары тұрғындары тағы да әбігерге түсті
"Ақ Жайық"

Атырау облысы Құлсары қаласындағы "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған көп қабатты үйдің жертөлесінен жылан шығып, тұрғындар әбігерге түскен, деп хабарлайды dalanews.kz "Ақ Жайыққа" сілтеп.

"Атырау" ықшамауданындағы 100 пәтерлік 3 үй 2023 жылы желтоқсанда көпбалалы аналарға берілген. Тұрғындар екі жыл қыстағаннан кейін 2024 жылы қаланың біраз бөлігін тасқын су басқанда, бұл үйлер де сырт қалмай, судың қақ ортасында екі ай тұрған. Өз үйлеріне кіре алмай босып кеткен тұрғындарға қайықпен қатынауға тура келген. Су астында қалған жертөле кейін тазартылғанымен, ылғал кетпеген. 

"Енді жылан көбейіп, әр күнімізді қорқынышпен өткізіп жатырмыз. Түн ұйқысынан қалдық. Балаларымызды шағып алса кім жауап береді?! Үйімізге қорқып кіретін болдық", - дейді Гүлназ Қашабаева. 

Аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Арман Абдолов жертөле ортақ мүлік болғандықтан, тұрғындар жауапты екенін, сондықтан оны тазартуға бөлім араласпайтынын ашық айтқан. 

Ал тұрғындар жертөледе тағы да жыландар пайда болуы мүмкін деп қауіптенеді.