Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB-/А-3" деңгейінде растады, болжам – "Тұрақты". Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады, деп жазады Dalanews.kz.
Еліміздің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін қуатты фискалдық және сыртқы баланстар болып қала береді.
Агенттік сарапшылары еліміздің өтімді сыртқы активтері сыртқы борыштан едәуір асып түседі деп болжап отыр.
S&P мұнай өндірінің жоспарланған өсімі және Теңіз мұнай кен орнындағы қуаттың артуы экономикалық өсімге оң әсер ететінін атап өтті.
Басылымда Қазақстанның орта мерзімді фискалдық траекториясы фискалдық ережелердің сақталуына байланысты болатындығы атап өтілді. Салық базасын кеңейту және ҚР Ұлттық қорынан қосымша трансферттерді шектеу бюджет тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді деп күтіледі.
Сондай-ақ S&P Қазақстанның банк секторын геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдерге тұрақтылығын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, екінші деңгейлі банктердің капитал қоры мен тұрақты өтімділігі жеткілікті.
Бұған дейін ҚНРДА қадағалап стресс-тестілеу нәтижелері банк секторының орнықтылығын растайтынын жеткізген.