Шымкентте бір жылда 100 млн теңгеден аса табыс тапқан заңсыз майнинг ферма табылды

Кәмшат Тілеухан 09 қаз. 2024 10:11 1417

Шымкент қаласының аумағында криптовалюта өндіру бойынша заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырған екі азаматтың қылмыстық іс-әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында аталған тұлғалар жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, майнингтік ферма ұйымдастырғаны анықталды.

"Олардың жалпы сомасы 370 млн теңге болатын 1000 дана ASIC майнерлер (биткоин өндіру жабдығы) мен заңсыз өндірілген цифрлық активтер (биткоиндар) түріндегі мүлкі тәркіленіп, бірі екі жылға, екінішісі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды", делінген 9 қазандағы агенттік хабарламасында.

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері қылмыстық табысы 400 млн теңгеге жуық заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 4 фактісі анықталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі аталған қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етілгенін ескертеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар