Шымкентте оқушы сабақ үстінде кәмпитке қақалып қалған

Шымкентте оқушы сабақ үстінде кәмпитке қақалып қалған
видео кадры

Шымкентте бастауыш сынып мұғалімі сабақ кезінде болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

newtimes.kz мәліметінше, төртінші сынып оқушысы кәмпитке қақалып қалған. Алайда ұстаз дер кезінде көмек көрсетіп, баланы аман алып қалған.

Оқиғаның видеосы Threads желісінде тараған. Кадрлардан сабақ кезінде оқушының жағдайы нашарлап, мұғалім бірден әрекет етіп, көмекке келгені көрінеді.

Желі қолданушыларының айтуынша, мұғалімнің есімі - Айгүл Дауылбаева. Ол 27 жылдан бері ұстаздық етіп келеді.

Мұғалімнің әрекеті әлеуметтік желіде көпшіліктің ықыласына ие болды. Желі қолданушылары оның қырағылығы мен жылдам шешім қабылдағанына алғыс білдіріп жатыр.