Ел азаматтары үшін шетелдік сайттардан интернет арқылы тауар сатып алу әлдеқайда қымбатқа түспек. Өйткені енді шетелден алдыртқан барлық тауарлар декларациялауға жатады. Оны өзіңіз немесе операторлар жасайды. Бұл "Қазпошта", DHL және т.б болуы мүмкін. Ал Wildberries пен Ozon маркетплейстерінен сатып алынған тауарларға бұл өзгерістің еш қатысы жоқ, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы кеше Сенатта ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамасында қамтылған. Құжаттағы деректерге сәйкес, қазір шетелдік маркетплейстерде сатып алынған барлық тауарлар декларациялауға жатады. Алайда, жаңа ережелер ЕАЭО аумағында орналасқан сауда алаңдарына әсер етпейді.
"ЕАЭО-дан жаңа талап тыс шетелдік маркетплейстерде сатып алынатын тауарларға қолданылады. Қазақстан аумағында ұсынылған маркетплейстерге оның қатысы жоқ. Бұл арада алыс шетелден тауар сатып алу туралы болып отыр. ЕАЭО елдеріне, яғни Ozon және Wildberries-ке жаңа нормалар қолданылмайды", - дейді Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандықтар шетелден сатып алынған тауарларын жекелей, сондай–ақ "Қазпошта" АҚ және "DHL International Kazakhstan" ЖШС арқылы ресімдей алады. Кейінірек басқа компаниялар оператор бола алады. Бұл ретте операторлар декларацияны толтырғаны үшін бажсыз әкелу құнынан асса ғана ақы алатын болады, мәселен егер тауардың құны 200 евродан (127 мың теңге) жоғары болса немесе оның салмағы 31 келіден асса. Бұл жаңашылдыққа байланысты шетелдік сауда интернет-алаңдарынан сатып алынатын тауарлар 2%-ға қымбаттауы мүмкін.