Шерзат Болаттың отбасы жаңа үйге көшті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.
"Бұл – ең алдымен Алланың, сондай-ақ Асқар мен Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің қолдауы мен көптеген қарапайым халықтың дұғасының арқасында мүмкін болды. Қаржаубайлар отбасына қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын", – деп жазды ол.
Айта кетейік, былтыр 12 қазанға қараған түні Талғар трагедиясында қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлана бастады.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Куәгерлердің сөзінше, үй тұтас өртеніп кеткен.
Бұл дерекке Полиция департаменті жауап берді. 12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт болды.
Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Талғардағы жаппай төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасаған болатын.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды.
