Қазақстанның бірінші ракеткасы Азиадада қола алды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Азиадада қола алды
Никита Басов

Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жұптық сында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.

Жартылай финалда қазақстандық жұп Тайбэй өкілдері Се Шувэй және Лян Эньшомен кездесті. Тартысты өткен матчта қарсыластар екі сетте де басым түсіп, 7:6 (7:3), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Юлия Путинцева жекелей сында да Азия ойындарының қола медалін иеленген болатын.