Сарапшы теңге бағамына қатысты: Айтқаным айдай келді...

Кәмшат Тілеухан 25 шіл. 2025 11:09

Мұнай саласының маманы Олжас Байділдинов желідегі парақшасында теңге бағамына қатысты көктемдегі болжамы айдай келгенін айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Сәуірде мұнай бағасы құлдырай бастағанда оның салдары жаздағы бюджеттен, онда да шілде-тамыз айларындағы ақша бағамынан көрініс табатынын айтып, өз болжамымен бөліскен болатынмын. Тіпті, болжамды цифрды да атадым: 542,3 теңге. Ал бүгінгі ақша айырбас орындарындағы баға 540-541 теңге деп тұр, көрдіңіздер ме?", - дейді ол кешегі жазбасында.

Ал Байділдиновтың 2025 жылғы 7 сәуірдегі жазбасында былай делінген:

"Біздің жаңалықтардан жылт етіп көріп қалып жүрген мұнай бағасы бір айдан кейінгі тасымал фьючерстері болып табылады. Яғни, мұнайдың бір баррелі 60 доллар десек, ол 2025 жылдың мамыр айына арналған баға. Ал бюжетке ол бір-екі айдан кейін әсер ете бастайды, нақтырақ айтқанда, маусым-шілдеде. Тамыз айында болса, әдетте біздің валюта нарығында "баға жарысы" басталады. Егер мұнайдың 65 доллар бағамы ұзағынан сақталса (3-6 ай шамасында), онда мұнай баррелі теңгеге шаққанда 542,3 теңгеден саналады, яғни бұл – сол кездегі ақша бағамы".

Айта кетсек, 2025 жылғы 25 шілдеде ҚР Ұлттық Банк теңгеге шаққандағы 1 АҚШ долларының ресми құнын 541,93 теңге деңгейінде бекітті. Ал бүгіндері ақша айырбас орындарында америкалық валюта 546-547 теңгеден сатылуда.

Бұған дейін сайтымызда "Инфляция дегеніңіз "өрт", экономика қызып барады". Сарапшы теңге бағамына қатысты шындықты айтты" деген мақала жарияланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар