Freedom Inside '26

Алматы хоккейінің түлегі NHL драфтында таңдалды

Алматы хоккейінің түлегі NHL драфтында таңдалды
shaiba.kz

Ұлттық хоккей лигасы (NHL) драфтының екінші күні Буффало қаласында басталды. Драфттың алғашқы күні клубтар 32 ойыншыны таңдаған болатын, деп хабарлайды dalanews.kz.

New York Rangers клубы Данай Шайиковті жалпы 67-нөмірмен қақпашы ретінде таңдады. Ол – Алматы хоккей мектебінің түлегі.

Өткен маусымда 19 жастағы қақпашы Gatineau Olympiques сапында Quebec Maritimes Junior Hockey League тұрақты чемпионатында 50 матч өткізді. Оның қайтарылған соққылар көрсеткіші – 90,3%, ал сенімділік коэффициенті – 2,78.

Сондай-ақ, хоккейші Қазақстан жастар құрамасының сапында PSK Cup халықаралық жастар турниріне қатысты. Данай Шайиков екі матч өткізіп, соққыларды қайтару көрсеткішін 91,4%, ал сенімділік коэффициентін 3,07 деңгейінде тіркеді.

Еске салайық, NHL драфтының қорытынды рейтингінде қазақстандық үш хоккейші – Семён Симонов, Әлішер Саркенов және Корней Корнеев де бар.