Freedom Inside '26

Қазақстанда Jetour T2-нің жаңа Explorer нұсқасы таныстырылды

Қазақстанда Jetour T2-нің жаңа Explorer нұсқасы таныстырылды

Қазақстанда Jetour T2 кроссоверінің жаңа Explorer жиынтықталымы ұсынылды. Бұл нұсқадағы басты жаңалық – 8 сатылы автоматты беріліс қорабының енгізілуі. Бұл өзгеріс кездейсоқ емес. Өйткені Jetour T2 алғашынан-ақ ұзақ сапарларға, саяхатқа және жолсыз жерлердегі сенімді қозғалысқа арналған көлік ретінде жасалған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бүгінде Jetour T2 жаңа модель мәртебесінен әлдеқашан асып түсті. Мұны әлем бойынша 500 мыңнан астам автокөліктің сатылғаны дәлелдейді. Бұл көрсеткіш модельдің танымалдығын ғана емес, оған деген жүргізушілердің сенімі мен сұранысының тұрақты екенін де көрсетеді.

Jetour T2 өз аудиториясын қалыптастырған, танымал әрі өзін толық дәлелдеген модельге айналды. Оны жүргізушілер көптеген опциялары үшін ғана емес, ерекше болмысы үшін таңдайды. Жоғары клиренсі, толық жетек жүйесі, батыл дизайны және жолсыз жерде сенімділігі оны белсенді өмір салтын ұстанатын жандар үшін тартымды етеді.

Жаңа Explorer нұсқасында саяхат кезінде шын мәнінде қажет болатын мүмкіндіктер қосылған. Енді көлік толық өлшемді қосалқы дөңгелекпен жабдықталған. Сонымен қатар жүксалғышта 12 В және 220 В қуат көздері қарастырылған. Бұл табиғат аясында демалғанда немесе ұзақ сапарларда түрлі құрылғыларды қуаттап, қажетті жабдықтарды қосуға мүмкіндік береді. Осылайша көлік тек қатынас құралы емес, саяхаттағы сенімді көмекшіге айналады.

Жайлылыққа да ерекше көңіл бөлінген. Алдыңғы жолаушыға арналған электрлі аяқ тірегі (оттоманка), жүргізуші орындығындағы массаж функциясы, барлық орындықтарға, оның ішінде артқы қатарға арналған арқа және отырғыш жылытқыштары қарастырылған. Сонымен қатар алдыңғы жолаушы орындығына баптауларды есте сақтау функциясы қосылған.

Отбасы денсаулығына қамқорлық жасау мақсатында көлікке PM2.5 ауа сүзгісі мен ауа иондағышы орнатылған. Олар салон ішіндегі ауаның сапасын жақсартып, сапарды жайлы ете түседі.

Жаңа Jetour T2 Explorer бұрынғыдай еркіндік сезімін, сенімділікті және жол талғамайтын мінезді сақтап қалды. Сонымен бірге ол ұзақ сапарлар мен жаңа бағыттарды бағындыруға бұрынғыдан да жақсырақ бейімделіп, әрбір шақырымнан ерекше әсер сыйлауға дайын.

Жаңа мүмкіндіктермен жақынырақ танысу үшін Қазақстан бойынша орналасқан Jetour ресми дилерлік орталықтарына барып, тест-драйвқа жазылыңыз. Jetour Qazaqstan үлкен отбасының мүшесі болыңыз!

Толық ақпаратты jetour-auto.kz сайтынан біле аласыз.