Сарапшы Сәтқалиевтің АҚШ-тың Энергетика министрімен болған кездесуіне қатысты пікір білдірді

Кәмшат Тілеухан 17 нау. 2025 13:35 256

Қазақстан мен АҚШ-тың энергетика министрлері Алмасадам Сәтқалиев пен Крис Райт (АҚШ) мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Соның ішінде Қазақстан тарапы Транскаспий халықаралық тасымал бағытын дамытуға АҚШ қолдау танытатындығына үміт артатынын жеткізді.  Осы сала маманы Олжас Байділдинов аталған кездесу нәтижелеріне қатысты өз қарасын білдіріп, бағасын берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сенат жанындағы сарапшылар клубының мүшесі АҚШ Энергетика министрлігі мұнай экспорты немесе басқа мәселелер бойынша белгілі бір кепілдіктер бере алатындығына күмәнмен қарайтынын жеткізді, деп жазады LS. Оның айтуынша, АҚШ-та министрдің компаниялар қызметіне әсер етуі екіталай.

"Ол бізде ведомство басшысы кімге, нені және қалай істеу керектігін айтап, нұсқау бере алады. Ал Америкада шенеуніктің акциялары қор биржасында саудаланатын Chevron, ExxonMobil және басқа компаниялар атынан бірдеңе шешу ықтималдығы аз. Мұнда кез келген мемлекеттік араласу теріс бағаға ие", – деп түсіндіреді "Байділдинов" Telegram-арнасының негізін қалаушы.

Ол Америка министрлігі Қазақстандағыдай энергетика мәселелерінде әкімшілік тетіктерді пайдаланбайды. Мысалы, АҚШ-та ведомство басшысы біреумен сол жобамен кейін айнасылатын белгілі бір компания  атынан меморандумға қол қоймайды. Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, Крис Райт Энергетика министрі болғанға дейін тақтатас мұнай өндіретін компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Осы жағынан алғанда, Байділдиновтың айтуынша, Америка ведомствосының басшысы бұл мәселеге әкімшіліктен гөрі бизнес тұрғысынан көбірек қарайды.

"Американың инвестицияларға қатысты әбден екшелген саясатын ескерсек, мен олардың ТХТМ бойынша Қазақстаннан Еуропаға мұнай жеткізуге мүдделі екендігіне де күмәнім бар. Оның үстіне ЕО-мен олардың қазір қарым-қатынасында бір салқындық бар. Кездесу барысында біздің ведомство осындай тасымал маршруты барын, оны дамыту керектігін айтқан шығар. Бірақ, біздің министр де Chevron мен ExxonMobil-ге шикізатты қайда экспорттауы бойынша бұйрық бере алмайды", - деді сарапшы.

Сонымен қатар, Каспий құбыр консорциумының акционерлері болып табылатын америкалық компаниялар көмірсутектерді осы желі арқылы тасымалдауды жалғастыруда. Осы жағынан алғанда, АҚШ энергетика министрі ұйымдарға маршрутты өзгерт деп айта алмайды.

"Оның үстіне АҚШ үшін Каспий арқылы алынатын 1,5 млн тонна деген не тәйірі?  Осыған байланысты, бірінші кезекте Транскаспий дәлізін дамытумен еуропалықтар айналысуы тиіс, өйткені олар бұған мүдделі", - деді Байділдинов.

Ол Қазақстаннан АҚШ-қа тасымалданатын мұнай көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1,7 млн тоннаны құрағанын айтты. Бірақ, сарапшының пікірінше, бұл өте шағын көлем және Штаттарға ол қызықты да емес. Осы жағынан алғанда, сарапшы бұл достық және танысу сипатындағы кездесу деген пікірді келтіреді. Ол директорлар кеңесі, акционерлері және инвестициялық қорлары бар жеке компаниялар шешімді өздері қабылдайтынын баса атап өтті.

"Менің ойымша, бұл кездесуде министрлер бір нақты мәселені нәрсені талқылап, ол бойынша өзара бір келісімге келді деп айта алмаймын. Қалай болғанда да, Энергетика министрлігінің өзі бұл ретте қандай келісімдерге қол жеткізілгенін өздері айтып беруі тиіс", – деп сөзін қорытындылады Байділдинов.

Айта кетсек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы мұнай өндірісінің 30,9%-ы АҚШ-қа тиесілі.

2025 жылы 13 наурызда сайтымызда "Хьюстондағы кездесу: Қазақстан мен АҚШ энергетика министрлері қандай мәселелерді талқылады" деген материал жарияланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар