Қазақстанда алаяқтардан қорғану үшін өз атына "несиеге уақытша тыйым салу" қызметінің қосылғанына біраз уақыт болды. Бүгіндері бұл қызмет түрі оңтайландырылып, бұрынғысынан да оңай бола түскен. Енді "Азаматтарға арналған Үкімет" порталына кіріп жатудың қажеті жоқ. Тек 1414 нөміріне тегін қоңырау шалсаңыз, жеткілікті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Иә, енді Қазақстанда "қоңырау шалу арқылы" несие беруге тыйым салуға болады. Алаяқтардан және қажетсіз несиелерден қорғану үшін 1414 нөміріне қоңырау шалып, дауыстық ботты пайдалану жеткілікті. Ол үшін келесі мынандай шараларды қабылдайсыз:
- 1414 нөміріне қоңырау шалыңыз (тегін);
- Тілді таңдаңыз: қазақ/орыс;
- "Несиелендіруге тыйым салу" деп айтыңыз;
- Дыбыстық белгіден кейін ЖСН-ды енгізіңіз;
- SMS кодын алған соң әрекетті растаңыз.
Осыдан кейін:
- Несиелендіруге тыйым сала аласыз;
- Қажет болған жағдайда оның күшін жоя аласыз;
- Қызмет мәртебесін біле аласыз.
Қызметті Азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ-мен бірлесіп Бірінші кредиттік бюро іске қосқан. Бұл қызмет, әсіресе смартфондарды пайдаланбайтын немесе Интернетке қол жетімділігі шектеулі азаматтар үшін пайдалы болуы мүмкін.
Айта кетсек, несиелер мен шағын несиелерді алуға тыйым салу 6 айға белгіленеді және бұл мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде тыйым алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектеулерді кез келген уақытта ерікті бас тарту қызметі арқылы алып тастауға болады.
Бұған дейін сайтымызда "Ұят болады". Неліктен қазақстандықтар туыстары үшін несие алады" деген мақала жарияланған. Бұл арада "Қарызсыз қоғам" ұйымы сарапшы өз кеңесімен бөліседі.