Freedom Inside '26

"Алда үлкен той": Мөлдір Мұқан отбасындағы қуанышты жаңалығын айтты

"Алда үлкен той": Мөлдір Мұқан отбасындағы қуанышты жаңалығын айтты
ашық дереккөзден

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өнер иесінің шаңырағында бірден үш қуаныш қатар келген. Бұл туралы әнші Жазира Байырбекова айтып, әріптесін құттықтады.

Жазираның сөзінше, Мөлдір Мұқанның бір перзенті мектеп бітіріп жатса, бірі университетті тәмамдаған. Ал тағы бір баласы сүндетке отырып, мектеп табалдырығын аттауға дайындалып жатыр.

"Мөлдірдің шаңырағында үлкен қуаныш! Бір қуаныш емес, үш қуаныш. Бірі мектеп бітіріп жатыр, бірі университет тәмамдап жатыр, ал тағы бірі сүндетке отырып, мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Қандай бақытты анасың! Аллаға шүкір! Осы бақытың еселене берсін", – деді Жазира Байырбекова.

Мөлдір Мұқан да алдағы тойға дайындық қызу жүріп жатқанын айтты. Ол бастапқыда қандай қуаныш екенін құпия ұстағысы келгенін жеткізді.

"Әр шаңырақта осындай той болсын! Өте қуаныштымыз! Қандай той болғалы жатқанын жасырып жүрген едім. Жазоктай айтып қойды. Тойға қатысты ұсыныстарыңызды тыңдауға әзірмін", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Мөлдір Мұқанды құттықтап, отбасына амандық, балаларына сәттілік тіледі.