Freedom Inside '26

"Қолын көрдім": Досын құтқармақ болып, өзі суға батып кеткен 8 жастағы балаға қатысты тың дерек шықты

"Қолын көрдім": Досын құтқармақ болып, өзі суға батып кеткен 8 жастағы балаға қатысты тың дерек шықты
Dalanews.kz коллажы

Өзенге батып бара жатқан досын құтқарып, кейін өзі ағысқа кеткен 8 жастағы Хизир Дербичевті іздеу жұмыстары сегізінші тәулікке созылды. Іздеу операциясына Солтүстік Кавказдың түрлі өңірінен мыңдаған ерікті қатысып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, қайғылы оқиға 15 маусым күні болған. Іздеу тобының мәліметінше, бала суға бата бастаған досына көмектесу үшін өзенге секірген. Хизир досын құтқарып үлгергенімен, өзін қатты ағыс алып кеткен.

Еріктілердің бірі іздеу кезінде баланы көрген болуы мүмкін деген куәліктер пайда болғанын айтты.

"Біреулер "қолын көрдім" дейді… Енді біреулер "қолының немесе аяғының саусақтарын сезгендей болдым" дейді… Бірақ ұстап үлгермеген", – деді ол.

Ауқымды іздеу жұмыстарына қарамастан, баланы әзірге табу мүмкін болмай тұр. Волонтерлер аумақты тексеруді жалғастырып, Хизирдің аман табыларынан үміт үзбей отыр, деп хабарлайды ТАСС.