Қытайдың Alibaba компаниясы Қазақстанның салық төлеушілері қатарына қосылды

Кәмшат Тілеухан 19 жел. 2024 10:02 453

Қытайдың Alibaba International Digital Commerce Group компаниясын Қазақстанның қосымша құн салығын төлеушісі ретінде шартты тіркеуге қою туралы шешім қабылданды, деп жазады Dalanews.kz.
 
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде электрондық коммерция мен салық салуды дамыту мәселелері бойынша Alibaba International Digital Commerce Group компаниясымен кездесу өткізді. Кездесу барысында МКК мен Alibaba International цифрлық экономикадағы халықаралық салық салуды дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстандағы электрондық коммерция саласындағы салық заңнамасы мен әкімшілендірудегі соңғы өзгерістерді талқылады.
"Кездесу қорытындысы бойынша Alibaba International Digital Commerce Group компаниясын ҚҚС төлеушісі ретінде шартты тіркеуге қою туралы шешім қабылданды", делінген хабарламада.

МКК Қазақстан мен халықаралық компаниялар арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды нығайту және электрондық коммерцияны ілгерілету бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл Қазақстандағы салық әкімшілендіруде ашықтықты арттыруға және әділ салық салуға ықпал етеді.

Айта кетсек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда шартты тіркеуден өткен 60 шетелдік компания бар, олар төлеген салық сомасы 34,8 млрд теңгені құрайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар