Қытайда жемқорлық қылмысы бойынша ұсталған министр өлім жазасына кесілді

Кәмшат Тілеухан 29 қыр. 2025 10:02

28 қыркүйекте Қытайдың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Тан Жэньцзянь пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

NHK мәліметтері бойынша, тиісті шешімді Цзилинь провинциясының Чанчунь қаласының халықтық соты шығарды. Тан бұған дейін өмір бойы саясатпен айналысу құқықтарынан айырылған болатын. Одан бөлек барлық жеке мүлкі, сондай-ақ заңсыз кірістері мемлекет пайдасына сай тәркіленеді.

2007 жылдан 2024 жылға дейін экс-министр орталық және жергілікті деңгейлерде әртүрлі лауазымдарды атқара отырып, ұйымдар мен азаматтарға экономикалық қызмет, келісімшарттар және кадрлық мәселелер сияқты бағыттарда көмек көрсеткені үшін пара алды деп күдікке ілінген. Параның жалпы мөлшері 268 миллион юаньнан асады (шамамен 38 миллион доллар).

25 шілдеде өткен сотта бұрынғы шенеунік өзінің кінәсін мойындап, соңғы айтқан сөзіне өкініш білдірді. Осыны ескере отырып, сот екі жылға кейінге қалдыра отырып, өлім жазасын қабылдады. Үкімді кейінге қалдыру сотталған адам осы уақыт ішінде жаңа қылмыстар жасаған жағдайда ғана өлім жазасы орындалатынын білдіреді. Мерзімі аяқталғаннан кейін өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Тан Оңтүстік Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы халық үкіметі төрағасының орынбасары және елдің солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясы халық үкіметінің төрағасы сияқты қызметтерді атқарды. Сондай-ақ ол ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі басшылығының партиялық тобының хатшысы болған.

Бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев бірқатар даулы оқиғадан кейін қызметінен босатылғаны хабарланған. Тамыз айының соңында Бақытжан Малыбаевтың бұрынғы орынбасары заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен қамауға алынғаны белгілі. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар