2025 жылдың алты айында Қытай компаниялары "Бір белдеу,бір жол" бастамасына қатысушы елдермен арада рекордтық сома - 124 миллиард доллардың келісімшартына отырған, бұл - бүкіл 2024 жылғы жалпы көрсеткіштерінен (122 миллиард доллар) де асып түсетін көлем екен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл мәліметтерді Интерфакс-Қазақстан Австралиядағы Гриффит университеті мен Бейжіңдегі Жасыл қаржыландыру және даму орталығының бірлесе жүргізген зерттеуіне сүйене отырып, алға тартады.
2025 жылы қаңтар-маусым айларында барлығы 176 жаңа мәміле жасалды.
"Биылғы жылғы қытайлықтар үлесінің күрт жандануы таң қалдырады, тіпті коронавирус пандемиясы аяқталғаннан бергі белсенділіктің тұрақты өсіміне қарамастан. Алайда, 2025 жыл бірінші жартыжылдықтағы әрқайсысының құны 10 миллиард доллардан асатын бірнеше МЕГА-мәмілелер жасалануымен де ерекшеленеді", - дейді зерттеу авторы Кристоф Недопил Ванг.
Қытай Африка (39 млрд доллар) және Орта Азия (25 млрд доллар) елдерінде ең көп инвестициялық белсенділік танытқан. Мұнай-газ келісімшарттары мен инвестициялары бірінші жартыжылдықта рекордтық көлемге жетті: 44 миллиард доллар, оның 20 миллиард доллары Нигериядағы қайта өңдеу саласына бағытталды.
Серіктестер арасында Қытай инвестицияларына ең ірі ие болушы - Қазақстан. "Бір белдеу - бір жол" бастамасы шеңберінде елімізге салынған инвестициялар көлемі 23 млрд долларды құрайды. Бұл ретте Латын Америкасына жасалған инвестиция соңғы 10 жылдағы ең азы болып табылады.
Бұған дейін сайтымызда Қазақстанда ресейлік бизнестің үлесі қарқынды түрде азайып, оның орнына қытайлық және өзбекстандық компаниялар келіп жатқанын жазғанбыз.