Қазақстанда рубль өзіне тиесілі мүмкін жоғары шекті маусым айының басында игеріп, 6,5 теңге бағамын екі ай қатарынан ұстап тұр. Бүгінде, тіпті ресейлік 1 рубльдің құны 6,7 теңге болып алған. Осы ақша бағамындағы айырма солтүстік көршімен шекаралас өңірлерде дүрбелең туғызып үлгерді. Көліктегі ресейліктер Ақтөбе, Қостанай, Петропавлдан азық-түліктен бастап, тұтынысқа қажетті заттардың барлығын тасып әкетуде. Осылайша 10 жыл бұрынғы жағдай қайталануда, алайда ол кезде жағдай керісінше болған еді, деп хабарлайды Dalanews.kz Atameken business-ке сілтеме жасап.
"Әзірге, жаппай сипат жоқ. Сатып алып жатыр, әрине, қымбат сегменттегі тауарларды, техниканы дегендей. Сондықтан Ресейдің шекаралас аймақтары үшін бұл жақсы деп ойлаймын. Бізге табыс келіп, өнімдеріміз өтіп жатыр", - дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.
Теңгеге шаққанда рубльдің күш алуын сарапшылар Ресей экономикасының ішкі драйверлерімен байланыстырады. Қазақстан үшін бұл таяқтың екі ұшы бар дегенді танытады. Ағымдағы ақша бағамы, бір жағынан, экспорттаушыларға тиімді. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына. Екінші жағынан, бұл импорттық сатып алуға кері әсер етеді: көршілер бізге жеткізілетін өнімдердің бағасы қымбаттайды. Жалпы, қымбат рубль – ресейліктердің Қазақстанға осылай ағылуының көптеген себептерінің бірі ғана, - дейді сарапшылар.
"Мысалы, Ресейде азық-түлік бағасын мемлекеттік реттеуді енгізу туралы заң жобасы қаралуда. Әрине, бұл жаңалық Ресейдегі барлық өндірушілерге әсер етті. Барлық баға көтерілді. Ресейде орташа есеппен 35-36 рубль болған бір бөлке нан қазір 50 рубль тұрады. Әрине, шекаралас өңірлердің барлық тұрғындары біздің арзан өнімдерді сатып алуға лап қойды осыдан кейін", - дейді экономист Марат Абдурахманов.
Нәтижесінде Қазақстанға тек сатып алу үшін ғана емес, медициналық қызметтер үшін де ресейліктер келе бастады. Жеке клиникаларда тексеруден өту немесе тіс дәрігеріне тіс салдыру ресейліктерге әлдеқайда арзан түсуде. Алайда, экономистер осы сауда жасаушылармен бірге елімізге қосымша рубль массасы лақылдап келетінін ескертеді. Ал ол, өз кезегінде, алдағы уақытта теңге бағамына әсер ете алады, - дейді олар.
"Бұл арада мынандай екі үлкен мәселе барын дұрыс түсінген жөн. Біріншіден, рубль - ішінара айырбастауға жататын валюта. Ал, бізге көп рубль келді делік, содан кейін біз оларды қайда жібереміз? Яғни, оларды айырбастау қиын. Көптеген шектеулер бар. Бұл - бір. Екіншіден, бұл өте маңыздысы, бізде инвестиция мәселесі деген бар. Яғни, бәрі тең болған жағдайда сұраныс артқанда сіз өндірісті кеңейтуіңіз керек немесе осы тауарларды жеткізу жүйесін кеңейтіп, көп пайда табуыңызға болады. Бірақ бізде бұл жағынан проблемалар бар. Демек, мұндай жағдайда нарықтық әдістер түзетуге жарамсыз", - дейді экономист Марат Кайырленов.
Қазақстандықтардың өздері де рубльге сенімді актив ретінде қарамайды. Қаржы ұйымдарының мәліметінше, маусым айында елімізде Ресей валютасының таза сатылымы 40 миллиард теңгеден асты, бұл - барлық кезеңдегі ең көп көлем. Бұл ретте Астана көш бастап тұр: 37 миллиардқа жуық теңге, одан кейін Алматы мен Павлодар облысы болады. Қазақстандықтар рубльді қолда көп ұстамайды, мұндай жинақтарын долларға немесе теңгеге тез аударып отырады.
Бұған дейін сайтымызда "Ресейдің Ұлттық қоры сарқылу, экономикасы рецессия алдында тұр" деген мақала жарияланған болатын. Сондай-ақ 2025 жылы ақша айырбас орындарында рубльдің таза сатылымындағы теріс мән алғашқы бес ай бойы қатарынан тіркелгенін жазғанбыз.