Іле-Алатауында қар барысы фототұзаққа түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде спутниктік қарғыбау тағылған қар барысын бақылау жалғасып жатыр. Сирек кездесетін жыртқыш кезекті рет фототұзақ камерасына түсіп қалған.
Мамандар жануарды спутниктік телеметрия мен фототұзақтар арқылы бақылап отыр. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, қар барысының табиғи мінез-құлқы мен қоректену дағдылары қалыпты сақталған.
Үш айға созылған мониторинг барысында жыртқыштың физикалық жағдайы жақсы екені анықталған.