Қазақстандықтар рубльден жаппай арылуда

Кәмшат Тілеухан 08 шіл. 2025 13:55

Ресей валютасы айтарлықтай нығайып жатқанына қарамастан, Қазақстанда рубльге деген сұраныс күрт төмендеген. Рубль таза сатылымының теріс мәндегі үлесі Алматы мен Астана қалаларына тиесілі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ресей рублінің таза сатылымының теріс көлемі (яғни ақша айырбас орындарында рубльді сатып алғаннан гөрі өткізу жағдайы көп) алтыншы ай қатарынан тіркелуде.Мәселен, егер 2024 жылғы желтоқсанда таза сатылым көлемі минус 4,4 млрд теңгені құраса, ағымдағы жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш минус 9,5 млрд теңгеге жеткен, ал сәуір мен мамырда минус 30,8 млрд және минус 35,7 млрд теңгені құрады", деп жазады Finprom.kz.

2025 жылы ақша айырбас орындарында рубльдің таза сатылымындағы теріс мән алғашқы бес ай бойында тіркелді. Жалпы, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында ресейлік рубль саудасының теріс мәні 107,4 млрд теңгені құрады. Бұл - 2024 және 2023 жылдардағы ұқсас кезеңдерге қарағанда едәуір көп (- 5,4 млрд теңге және -9 млрд теңге) көлем. Салыстырмалы түрде алсақ, 2022 жылдың қаңтармамыр айларында таза сатылым көлемі оң мәнге ие болып, 241,3 млрд теңгеге жеткен.

Сонымен қатар, өңірлік бөліністе ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Ресей рублі бойынша ақша айырбас орындарының сауда-саттығында еліміздің 20 өңірінің 14-інде оң мән тіркелді. Ең үлкен көрсеткіш - Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында: әр өңірде 2,3 млрд теңгеден. Одан кейін Ақмола (1,2 млрд теңге), Солтүстік Қазақстан (1 млрд теңге) және Маңғыстау (1 млрд теңге) облыстары тұр. Ал Қазақстанның алты өңірінде теріс мәндер тіркелгенін атай кетелік:

  • Шымкентте: -40,8 млн теңгеден
  • Астанада: -102,4 млрд теңгеге дейін.
  • Алматыда: -15,5 млрд теңге.

"Ресейдің 1 рублінің ресми айырбас бағамы ағымдағы жылдың маусым айында орташа есеппен 6,54 теңгені құрады, бұл - 2023 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары көрсеткіш (6,68 теңге)Мамыр айымен салыстырғанда рубль бағамы 3%- ға, ал өткен жылдың маусымымен салыстырғанда бірден 26,3%-ға өсті. Осылайша, бағамның өсуі кезінде рубльді өткізу көлемінің үздіксіз өсуі, басқалармен қатар қазақстандықтар тарапынан да қымбат рубльге деген қызығушылықтың жоғалғанын көрсетуі мүмкін2025 жылдың шілде айының басында 1 рубль бағамы 6,62 теңгені құрады. 3 шілдеге қарай ол тек 0,3%-ға, 6,6 теңгеге дейін төмендеді", - дейді сарапшылар.

Айта кетсек, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда Ресей капиталының қатысуымен 18,4 мың заңды тұлға жұмыс істейді. Олардың көбісі рубльмен жұмыс істейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар