Freedom Inside '26

«Алтын ханым» жол апатына түсті

«Алтын ханым» жол апатына түсті
Әлеуметтік желі

Продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырған «Алтын ханым» байқауының жеңімпазы, мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жол-көлік оқиғасына ұшырап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға туралы Ақмоншақ Нұртаза өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, мінген автокөлігі жол үстінде басқа көлікпен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған ол дәрігерлердің бақылауына алынған. Қазіргі уақытта оның нақты жағдайы туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.

Әлеуметтік желідегі жазбасында байқау жеңімпазы аман қалғанына шүкіршілік білдіріп, бұл күнді өзінің «екінші туған күні» деп атады.

«Қайта туған күн. Аман болайық. Бір Алла сақтады. Маған түкіріп қоясыздар-ау», – деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.

Желі қолданушылары директордың жазбасына пікір қалдырып, тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп жатыр.

Айта кетейік, Ақмоншақ Нұртаза жақында ғана қоғамда кеңінен талқыланған «Алтын ханым» байқауында бас жүлдені жеңіп алып, көпшілікке танылған болатын.