Freedom Inside '26

БЖЗҚ 20 жастағылар үшін 6 млн теңге жеткіліктілік шегін түсіндірді

БЖЗҚ 20 жастағылар үшін 6 млн теңге жеткіліктілік шегін түсіндірді
ашық дереккөз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 20 жастағы азаматтар үшін белгіленген 6 миллион теңге көлеміндегі жеткіліктілік шегінің қалай есептелгенін түсіндірді, деп хабарлайды dalanews.kz

Қор мамандарының айтуынша, бұл көрсеткіш кездейсоқ алынбаған. Есептеулерге сәйкес, аталған қаражат шамамен 40 жыл бойы инвестицияланып, болашақта лайықты зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге жеткілікті деңгейге дейін өсуі тиіс.

БЖЗҚ мәліметінше, жеткіліктілік шегінің жоғары болуы азаматтардың өмірін қиындату үшін енгізілмеген. Оның негізгі мақсаты – зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алғаннан кейін де шотта болашақ зейнетақыны қалыптастыруға жеткілікті қаражаттың қалуын қамтамасыз ету.

Қор өкілдері жеткіліктілік шегі азаматтың жасына, болашақтағы еңбек өтіліне, міндетті жарналардың түсуіне, инвестициялық табысқа және зейнет жасында төленетін төлемдердің болжамды көлеміне қарай есептелетінін атап өтті.

Осылайша, 20 жастағы азамат үшін белгіленген 6 миллион теңге көлеміндегі шек болашақтағы зейнетақы төлемдерінің жеткілікті деңгейін сақтауға бағытталған қаржылық есептердің нәтижесі болып саналады.

Еске салайық, 5 маусымнан бастап Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақты мерзімінен бұрын пайдалану тәртібі өзгерген еді