Freedom Inside '26

Алматы қаласының әкімдігінде жаңа тағайындау

Алматы қаласының әкімдігінде жаңа тағайындау
Qamshy

Мерей Абзалбеков Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мерей Ягудұлы Абзалбеков 1982 жылғы 25 маусымда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген, тарих магистрі.

М. Абзалбеков еңбек жолын Алматы қаласындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші инженері болып бастап, Қонаев (Қапшағай) қаласындағы №32363 әскери бөлімінде офицерлік құрамда қызмет еткен.

Жастар саясаты саласында да белсенді қызмет атқарды:

 • Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қоры директорының орынбасары;

•⁠  ⁠Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Жастар жобалары және шығармашылық бастамалар бөлімінің басшысы, басшының міндетін атқарушы лауазымдарын атқарды. 

Алматы қаласы әкімі аппаратының құрылымында:

•⁠  ⁠Хаттама, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және ресімдеу бөлімінің бас маманы;

•⁠  ⁠Әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің басшысы;

•⁠  ⁠Қоғамдық даму бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске сала кетейік, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Айдар Рахымжанұлы Есенбеков (бұл лауазымға 2024 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын) 2026 жылдың мамыр айының соңында Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығының басшысы болып тағайындалды.