Freedom Inside '26

"Назарбаевтың саясатқа түк қатысы жоқ": Ермұрат Бапи күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Назарбаевтың саясатқа түк қатысы жоқ": Ермұрат Бапи күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Dalanews.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі саясатқа араласпайтыны туралы мәлімдемеге қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Журналистер Мәжіліс кулуарында депутаттан экс-президенттің саясаттан шет қалғанына сенесіз бе деп сұрады. Бапи бұл пікірмен келісетінін жеткізді.

Депутаттың айтуынша, соңғы екі-үш жылда Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік саясатқа ықпал етіп отырғаны байқалмайды. Ол экс-президенттің белгілі бір бизнес мүдделері болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Алайда елдің саяси бағытын қазіргі мемлекет басшысы айқындайтынын атап өтті.

"Мемлекеттегі саясатты тәуелсіз елдің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізеді", – деді Ермұрат Бапи.

Осылайша депутат Назарбаевтың бүгінде елдегі саяси шешімдерге тікелей араласпайтынын айтты.