"Қазатомөнеркәсіп" ҰК" АҚ CNNC Overseas Limited және China National Uranium Corporation Limited қытайлық компанияларына табиғи уран концентратын жеткізбек ниетте, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ CNNC Overseas Limited және China National Uranium Corporation Limited компанияларымен аталмыш компаниялар пайдасына тараптардың келісімдерін жазбаша бекіту арқылы нарық шарттары бойынша U3O8 түріндегі табиғи уран концентраттарын жеткізу туралы келісімге қол жеткізді. Бұған дейін CNUC және CNNC Overseas компанияларымен жасалған мәмілелермен бірге жиынның қарауына шығарылатын мәміленің құны компанияның (бөлек қаржылық есептілігіне негізделген) активтерінің жалпы баланс құнының 50%-нан асады, және де сол себепті аталған мәміле Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес компанияның акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына шығарылады", делінген ресми хабарламада.
Аталған жиналыс 2024 жылы 15 қарашада өткізілуі тиіс екенін нақтылай кетейік.
Айта кетсек, Қытай Халық Республикасында тіркелген CNUC компаниясы және Гонконгта тіркелген CNNC Overseas компаниясы ядролық өнеркәсіптің барлық салаларында әрекет ететін Қытай Халық Республикасының мемлекеттік корпорациясы - China National Nuclear Corporation (CNNC) үлестес ұйымдары болып табылады.
CNNC – атом отыны өндірісі және атом электр стансалары құрылысы,мен айналысатын ҚХР-дағы атом электр стансаларының басты операторы.