Қазақстанның оңтүстігінде блогер ұсталды

Көркем Алдабергенова 16 қаң. 2026 18:19

Өзін қоғамдық белсенді ретінде таныстырған блогер Түркістан облысында бопсалауға күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомствоның ақпараттық медиапорталының хабарлауынша, Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы блогер әйелді ұстаған.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мәліметінше, алдын ала дерек бойынша, күдікті өзін қоғамдық белсенді ретінде көрсетіп, Келес ауданына қарасты медициналық мекеме басшысынан әлеуметтік желілерде беделіне нұқсан келтіретін материал таратпау үшін 1 миллион теңге талап еткен.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove