Қазақстандықтар жасаған қосымша AppStore-да көш бастады

Сағыныш Сардарова 10 қар. 2025 10:17

Қазақстандықтар жасаған, ағылшын тілін үйрететін Aleem атты қосымша AppStore-да көш бастады. Бұл стартап танымал қосымша Duolingo-ны да басып озды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жоба авторларының айтуынша, стартаптың артында үлкен команда тұрған жоқ. Қосымша Қазақстан мен Қырғызстанда 1-орынға, Тәжікстанда 2-орынға, Түрікменстанда 6-орынға, Өзбекстанда 11-орынға, Ресейде 12-орынға шыққан.

"Екі күн бұрын AppStore-ға салдық. Инвестициясыз. Үлкен командасыз. Жарнамасыз. Жай ғана Қазақстаннан шыққан жас жігіттер қолынан келетініне сенді. Duolingo-ны басып оздық", - деді жоба авторының бірі Асылжан Алтай. 

Айта кетейік, Aleem - толықтай тегін қосымша, ағылшын тіліндегі сабақтарды өтуге шектеусіз мүмкіндік беріледі. Жоба авторлары енді әлемдік аренаны бағындыруды көздеп отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар