Қазақстандық оқушылар “Білімге құштар” жобасы аясында Солтүстік полюс экспедициясының іріктеуіне қатыса алады

Қаракөз Амантай 28 сәу. 2025 19:57 236

20 мемлекеттен жиналған талантты оқушылар мен сарапшылар "Жеңістің 50 жылдығы" атомдық мұзжарғыш кемесімен Солтүстік полюске сапар шегетін болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылдың 28 сәуірде "Білімге құштар" VI халықаралық ғылыми-ағартушылық жобасына шетелдік қатысушылар арасында іріктеу байқауы басталды. Биылғы жоба Ресейдің атом саласының 80 жылдығы мен Солтүстік теңіз жолының игерілуінің 500 жылдығына арналып отыр. Байқау жеңімпаздары "Росатомфлот" компаниясының "Жеңіске 50 жыл" атомдық мұзжарғыш кемесімен Арктикаға экспедицияға аттанады. Ол жақта қызықты білім беру бағдарламасында: дәрістер, шеберлік сыныптар, викториналар және тағы басқа шаралар қамтылады.

Іріктеуге 20 мемлекеттің оқушылары, оның ішінде Қазақстандық балалар да қатыса алады. Байқауға қатысу goarctic.energy сайтында өтеді.

2024 жылы Қазақстаннан Аян Маратов қатысып, Солтүстік полюске шеккен сапарын ең жарқын, әрі ұмытылмас оқиға деп бағалаған еді.

"Жердің жоғарғы жағындағы алғашқы жасаған қадамдарым әдеттегідей болды. Ол жақтағы күн райы қыс кезіндегі Астананың қары мен мұзы сияқты. Бірақ ол жақтағы аймақтың көркін сол жер емес, адамдар келтіреді екен. Экспедициядағы ең әсерлі сәт — Қазақстан туын Солтүстік полюске тігу болды. Сол сәтте мен жер бетіндегі ең солтүстіктегі қазақстандық болдым деп сеніммен айта аламын!", — деді Аян.


Атомдық мұзжарғыш бортында қызықты білім беру мен мәдени бағдарлама, дәрістер, шеберлік сыныптар, концерттер өтті. Балалар он күн бойы таңғажайып табиғатты, теңіз жануарларын және айсбергтерді тамашалады.

Байқаудың іріктеуі 3 кезеңнен тұрады және ол 20 маусымда аяқталады. Сол кезде қорытынды шығарылып, Солтүстік полюске экспедицияға қатысатын халықаралық команда анықталады.

Анықтама үшін:

"Білімге құштар" ғылыми-ағартушылық жобасын "Росатом" мемлекеттік корпорациясының қолдауымен Атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталықтар желісі (АЭАО) ұйымдастырып отыр. Жоба жаратылыстану ғылымдарын және атом саласының технологияларын танытуға, дарынды балаларды анықтап, оларды қолдап қабілеттерін дамытуға және кәсіби бағыт-бағдар беруді мақсат еткен. Жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен 14-16 жастағы оқушылар қатысады. Топ жарған үздіктер "Росатомның" ғылыми-ағартушылық экспедициясына қатысып, "Жеңіске 50 жыл" атомдық мұзжарғыш кемесімен Солтүстік полюске аттанады.


"Білімге құштар" жобасы 6 жыл қатарынан дарынды және белсенді балаларға Солтүстік полюске ұмытылмас сапар жасауға мүмкіндік беріп келеді. Жоба шеңберінде 350-ден астам дарынды оқушы "Росатомның" арктикалық экспедицияларына қатысқан. 2024 жылы "Білімге құштар" экспедициясы алғаш рет халықаралық форматта өтті. Қазақстан, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Моңғолия, Венгрия, Үндістан, Қытай, ОАР елдерінен 15 оқушы мен сарапшыдан құралған команда "Жеңіске 50 жыл" атомдық мұзжарғышымен Солтүстік полюске шықты.

"Росатом" және оның кәсіпорындары білім беру, ғылыми-ағартушылық және мәдени бастамаларды қолдауға және дамытуға ерекше назар аударып отыр. Олар сонымен қатар Қазақстан Республикасында да ауқымды білім беру жобаларын жүзеге асыруға, шәкіртақылық бағдарламалар арқылы қолдау көрсетуге, студенттерге тәжірибе мен тағылымдама ұйымдастыруға қатысады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар