Қазақстанда 2026 жылы көліктің кейбір түрі қымбаттап шыға келмек

Кәмшат Тілеухан 29 қыр. 2025 09:44

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап электромобильдер қымбаттайды. Өйткені оған қатысты осыған дейін қолданыста болған тарифтік жеңілдіктер өз күшін жояды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ескертеді.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елімізге әкелінетін электромобиль көлеміне қатысты тарифтік жеңілдіктерді белгілеуде белгілі бір квотаны белгілеген. Қазір біз сол межені игеру алудындамыз.  

  • Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 шешіміне сәйкес, электромобильдерге (ТН ВЭД коды 8703 80 000 2) әкелу кезінде тарифтік жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, осы шешіммен Қазақстан Республикасына әкелуге арналған квота белгіленген – 15 000 бірлік.
  • 2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша, елімізге 13 000-нан астам электромобиль әкелінді, бұл белгіленген лимиттің 87,2%-ын құрайды.
  • Осылайша, тарифтік жеңілдікті қолдану арқылы әкелуге 1 900-дан аз электромобиль мүмкіндігі қалды.

Оның үстіне жаңа Салық кодексінің қолданыс мерзімі таяп қалды. Осы жағынан алғанда, 2026 жылы 1 қаңтардан бастап елімізге әкелінетін электромобильдерге қатысты жеңілдік өз күшін жояды. 

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША ЭЛЕКТРОКАР ЖҮЙТКІП ЖҮР?

Жалпы, статистикаға сүйенсек, Energyprom порталының мәліметі бойынша, 2025 жылдың тамыз айының басында елімізде 19,1 мың электрокар тіркелген,бұл - өткен жылмен салыстырғанда 79%-ға артық көрсеткіш. 2025 жылдың алғашқы жеті айының өзінде ел азаматтары 6,9 мың "батареямен жұмыс істейтін" көлікті есепке қойды, дегенмен бұл елімізде тіркелген барлық автокөліктердің 0,7%-ын ғана құрайды.

Электромобильдер көп жүйткіп жүрген өңірдің бірегейі Алматы. Мұнда 11,3 мың осындай көлік түрі немесе қазақстандық электрокар паркінің 60%шоғырланған. Оңтүстік астанада олардың үлесі барлық тіркелген көліктердің 1,6%-на жетеді. Астанада 2,2 мың (қалалық автопарктің 0,5%), Алматы облысында 1,2 мың (0,2%) электрокар бар.

2026 ЖЫЛЫ БАҒА ҚАНШАҒА ҚЫМБАТТАЙДЫ? 

Бұл ретте,inbusiness порталының есептеуінше, кедендік құнына қарай экологиялық таза көлік 16%–дан 31%-ға дейін қымбаттауы мүмкін:

  • ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік тарифі бойынша баж - 15%, енді оған 16% ҚҚС-ті қосыңыз. Сонда қымбаттау пайыздық мөлшерлемеде 31%-ды құрайды.
  • ДСҰ мөлшерлемелері бойынша баж - 0%, бірақ 16%-дық ҚҚС міндетті болып саналады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар