World Gold Council деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша әлемде 3,7 мың тонна алтын өндірілген, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға ғана артық көлем. Оның 10,4% немесе 380,2 тоннаны құрайтын Қытай алтын өндірісінде көш бастап тұр. Қазақстан болса, 14-ші орында, деп хабарлайды Dalanews.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Алтын өндірісі бойынша әлемдік ондық қатарына мыналар кіреді:
- Қытай (380,2 тонна),
- Ресей(330тонна),
- Австралия(284тонна),
- Канада (202,1 тонна),
- АҚШ(158тонна),
- Гана (140,6 тонна),
- Мексика(140,3тонна),
- Индонезия(140,1тонна),
- Перу (136,9 тонна),
- Өзбекстан (129,1 тонна).
World Gold Council ақпараты бойынша, өндіріс көлемі 87 тоннаны қамтитын Қазақстан 14-орында екен.
Бұл арада аталған ұйым алтын кендерінің немесе жартылай фабрикаттардың массасы емес, тазартылған алтынға мүмкіндігінше жақын, өңдеуден кейінгі металл туралы айтып отыр.
"Бір қызығы,ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес,2024 жылы Қазақстанда World Gold Council сарапшыларының пікіріне қарағанда тазартылған алтын айтарлықтай аз өндірілген: небәрі 72,1 тонна ( бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,5%-ға артық). ТМД мемлекеттері арасында өндірілген алтын көлемі бойынша Қазақстан үздік ондыққа енген Ресей мен Өзбекстанға жол беріп, 23,6 тонна бағалы металл шығарған Қырғызстанды басып озады. ТМД-ның басқа елдеріне 14,2 тонна тиесілі, бұл 2023 жылдағы көрсеткіштен 11,9%-ға недәуір аз.Қазақстан мен Қырғызстанда,World Gold Council мәліметтеріне сәйкес, алтын өндірісі де төмендеген: тиісінше 1,3% және 7,5%. Ресей мен Өзбекстанда,керісінше, өндіріс көлемі сәйкесінше 2,6%және7,9% өсті", - дейді мамандар.
Дегенмен, АҚШ Геологиялық қызметі Қазақстанды 130 тонна өндірген алтын көлемі бойынша үздік ондыққа енгізген. Жалпы, осы ведомствоның мәліметінше, әлемде 3,3 мың тонна алтын өндіріліп, Қытай (380 тонна), Ресей (310 тонна), Австралия (290 тонна), Канада (200 тонна) және АҚШ (160 тонна) алдына жан салмай келеді.
Сонымен қатар, Қазақстан сияқты 130 тоннадан алтын өндірген Мексика мен Гана да ешкімнен қалыс қалмауда. Өзбекстан да үздік ондыққа кірді, бұл реттегі көлем - 120 тонна.
Бұл арада АҚШ Геологиялық қызметі үкіметтердің ресми есептері негізінде деректер ұсынатынын баса айта кетелік. Сонымен, Ұлттық статистикалық бюросының ақпаратына сәйкес, өңделмеген және жартылай өңделген алтын, сондай-ақ ұнтақ түріндегі алтын өндірісі көлемі Қазақстанда 2024 жылы дәл 130,3 тоннаны құрады (АҚШ Геологиялық қызметі деректерді дөңгелектеп алатынын ескерген жөн). World Gold Council ақпаратынан айырмашылығы, біз жоғарыда түсіндіріп өткендей, алтынның таза өңделген түрін санайды.
Ұлттық статистикалық бюросы ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында елімізде 85,9 тонна өңделмеген және жартылай өңделген алтын, сондай-ақ алтын ұнтағы түріндегі алтын өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға аз. Оның ішінде тазартылған алтынның үлесі - 48,2 тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5%-ға аз. Сонымен қатар, алтынның бағасы тарихи рекордтарды жаңартуды жалғастыруда: 2025 жылдың қыркүйек айының соңында ол 3,9 мың долларға жетті. 2025 жылдың басында алтынның бір троя унциясының құны 2,6 мың доллардан сәл асты, яғни бұл арада қымбатшылық 50%-ға жуықтайды. Оған жаһандық геосаяси тұрақсыздық, әскери шығындардың өсуі және инвесторлардың ақшасын қорғаныс активтерге қайта көшіруі түрткі екені айтылады.