Белгілі заңгер Мейірман Шекеев Шымбұлақтағы Gusto мейрамханасының бұрынғы қызметкерінің қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның сөзінше, видео авторы Бақберген заңгермен байланысқа шығып, сенімхат берді.
"Бұл істі аяғына дейін апарамыз. Бұл жерде жалғыз Бақбергеннің ғана құқығы бұзылған жоқ. Бүкіл Қазақстанның тілін менсінбеген азаматымыз кешірім сұрауы керек деп санаймыз. Себебі ҚР тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңының 24, 25, 26 баптарында қазақ тілінде қызмет көрсету міндеті жүктелген. Кез келген қазақ өз тілінде қызмет алуға құқылы. Десе де мұндай кәсіпкерлердің тез есін жиғызатын бір тәсілін айтайын. Яғни 2gis арқылы рейтингін төмендету үшін өз пікірлеріңізді жіберіңіздер. Сонда кәсіпкерлер түсінер деп ойлаймын", - дейді Шекеев.
Мейірман Шекеев бүгін кешке мейрамхананың экс-қызметкері Еленамен полиция бөлімшесінде кездесетінін айтты.
Еске салайық, бүгін қазақша қызмет көрсетпей қойған әкімші жұмыстан қуылды.
