"Қазаққа қарсы үретіндер". Арман Шораев Канделакидің ақпараттық шабуылы жайлы

Dalanews 19 қаң. 2024 03:22 980

Публицист Арман Шораев кейінгі кездері Ресей тарапынан Қазақстанға жасалған ақпарат шабуылдарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz "Ұлысмедиаға" сілтеп.

Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки Қазақстан орыс тілін баяу болса да жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазып, дабыл қаққан. Оның бұл жазбасына елдегі теміржол бекеттерінің атауының өзгеруі себеп болған.

"Бір қызығы, қазаққа қарсы үретіндердің алдыңғы қатарында жүргендердің тегі орыс емес – Канделаки, Симоньян, Кеосаян, тағы басқалары бар. Бір кездері "ең ұлы орыс шовинистері тегін жоғалтқан басқа халықтардан шығады" деп кеткен Лениннің сөзінің жаны бар. Осы кейіпкерлердің бәрі мемлекеттік бюджетті сорып отырғаны ескерсек, желдің қай жақтан соғатынын да аңғару қиын емес.


Жоқ, мұндай елге де, билігіне де сенуге болмайды. Одақтаспыз деп те ауыз толтырмай-ақ қояйық – бүгін де, тарихи келешекте де! Ресей көрші Украинаға басып кірген кезде неміс кайзері Бисмарктың "Ресеймен жасалған келісімнің құны сол келісім жазылған қағаздың құнына татымайды" деген сөзі рас екеніне көз жеткізесің", - дейді Арман Шораев.

Айта ктеейік, Көлік министрлігі кейбір темір жол станцияларын (Нұр-Сұлтан-Астанаға, Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолды – Нұрлы жол, Косшокуды – Қосшоқыға, Сай-Утесті – Сайөтеске;, Өзенді Жаңаөзенге, Оралды Оралға, Құмшағылды Құмшағалға) қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялаған. Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram-арнасында Қазақстан осылайша орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатқанын көрсетіп, "тарихтағы өз орнын қолдау сылтауымен өте алысқа баруға болатыны түсінікті, әсіресе, осындай күмәнді шешімдерді ілгерілету үшін тарихты жасыру ыңғайлы", - деп жазған еді.

Сурет: Dalanews.kz коллажы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар