Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Сағыныш Сардарова 30 нау. 2026 10:02

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген адам Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол экономикалық қызмет саласында бірқатар қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында елге жеткізілді.

Тергеу барысында күдіктінің ұйымдасқан топ құрамында 2019–2021 жылдар аралығында Қазақстанның әртүрлі өңірінде қаржы пирамидасының құрылымдарын басқарғаны анықталған.

"Қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекеттері салдарынан азаматтарға жоғары табыс табуға уәде беру арқылы 10 млрд теңгеден аса қаражат тартылған. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2026 жылғы ақпанда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove