Қариннің келуімен Қазақстан Think tank жүйесіне өтетін болады

Қариннің келуімен Қазақстан Think tank жүйесіне өтетін болады
Фото: nur.kz, жеке архивінен

Вице-президент институты Қазақстанның аналитикалық қуатын күшейтуі тиіс. Ерлан Қариннің стратегиялық талдау тәжірибесі жоғары. Ол кезінде Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын басқарды, мемлекеттік басқару жүйесінде қоғамдық-саяси процестерді талдаумен ұзақ айналысты, деп хабарлайды dalanews.kz Dala INSIDE телеграм арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда аналитика жоқ емес. Министрліктер, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк, ҚСЗИ, зерттеу институттары мен сарапшылар жеткілікті. Бірақ көбінде осы ақпараттың барлығы бір жерге жиналып, мемлекеттік шешім қабылдауға арналған тұтас аналитикалық өнімге айнала бермейді.

Үкімет кез келген реформаның экономикалық тиімділігін есептей алса да, оның үш жылдан кейін инфляцияға, бизнеске, өңірлерге, халықтың табысына немесе қоғамдық көңіл-күйге қалай әсер ететінін кешенді бағалау әлдеқайда күрделі.

"Вице-президент институтының маңызды функцияларының бірі осындай стратегиялық аналитикалық сүзгі болатыны сөзсіз. Үкімет белгілі бір бастама ұсынса, Президентке тек сол бастаманың артықшылықтары емес, оның балама сценарийлері, тәуекелдері мен ұзақ мерзімді салдары да қатар беріле бастамақ. Бұл система Think tank деп аталады. Оның басты фокусы бүгінгі мәселені ғана емес, ертеңгі салдарын көруге бағытталған, - дейді дереккөз.

Демек Қазақстан шешім қабылдаудың жаңа архитектурасына ауыспақ. Мысалы, қыркүйек-қазан айларында осы жүйе арқылы қабылданған алғашқы шешімдерді көретін боламыз.