2025 жылғы қаңтардағы Қазақстан бюджетінің орындалуына келетін болсақ, республикалық бюджетке түсуі тиіс салық түсімдері жоспар бойынша орындалды, ал жергілікті түсімдер айтарлықтай асыра орындалған. Бірақ, соған қарамастан көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Алайда, экономист Ғалымжан Айтқазин бұл ретте қандай да бір қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтады, деп жазады Dalanews.kz.
Қазақстан Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы қаңтарда немесе 1 ақпанда республикалық және жергілікті бюджеттерді қамтитын мемлекеттік бюджеттің жиынтық кірістері 2 трлн теңгені құрады, оның 1,3 трлн теңгесі салық түсімдері болып табылады. Бұл арада жергілікті бюджеттердің асыра іске асыруы арқасында аталған кезеңдегі жоспар 121,2%-ға орындалғанын баса айта кетелік.
Жалпы, Ұлттық банк Ұлттық қордан уәде еткен трансферттердің жартысын ғана аударғандықтан, бюджет кірісі қысқарды. Ұлттық қордан бюджетке кепілдендірілген трансферт жоспарланғандай 400 млрд теңгені құраса, 650 млрд теңге болуы тиіс нысаналы трансферт 76,9% азайып, 150 млрд теңге ғана болды.
"Республикалық бюжетке келетін болсақ, қаңтар айында көптен бері алғаш рет түсімдер 100 пайыздан аса, ал корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 94,5% – 359,3 млрд теңгеге, ҚҚС – 95,2%, 292,1 млрд теңгеге дейін, акциздер – 74,9%, 8,7 млрд теңгеге дейін орындалды. Бұған аванстық тәжірибе арқылы қол жеткізілген жоқ деп үміттенеміз", - дейді Айтқазин.
1,1 трлн теңгеге жоспарланған республикалық бюджет қаңтар айында Ұлттық қордан 550 млрд теңге трансферт алды. Бұдан бөлек, республикалық бюджетке 348 млрд теңге займ ақша келіп түсті, ал жоспар бойынша бір жыл бойында рекордтық көлемде - 8,3 трлн теңге тартылады деп күтілуде.
Жергілікті бюджеттер қаңтарда да салық алымдары бойынша жоспарды асыра орындау үрдісін жалғастырды, мәселен КТС жоспардағыдан 175%-ға, ЖТС 184%-ға, ал әлеуметтік салық 157%-ға асыра жиналды.
Қаңтар айында мемлекеттік бюджет тапшылығы 329 млрд теңге деңгейінде "профицит" болып қалыптасты, дегенмен мұнай түсімдерінен тыс тапшылық (-) 269 млрд теңгені құрады, бірақ Ұлттық қордан жоспарланған трансферттер келіп түскен кезде және шығыс бөлігінің үнемді орындалуы кезінде алда бұл көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін.
"Әзірге, "салық нашар жиналды" деп біз дабыл қағуға ерте деп санаймыз. Өйткені Теңіз кен орнында жаңа жобаның іске қосылғаны қаңтарда ғана, онда алда Ұлттық қорға түсетін салықтардың көлемі ұлғайып, Қазақстан экономикасына оң әсер етеді деп күтіледі", деп жазады желіде Ғалымжан Айтқазин.
Бұған дейін түзетулер мен өзгерістер енгізілген Салық кодексін Мәжіліс өз қарауына алғаны хабарланған.