Прокурор Қасымбаевты 15 жылға соттауды сұрады

Көркем Алдабергенова 29 қаз. 2025 11:04

28 қазанда Талғар аудандық сотында «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деп аталатын Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөзі өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған: адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және зорлықпен ақша талап ету.

Онымен бірге сот алдында тағы бес адам жауап беріп жатыр. Іс бойынша екі жәбірленуші бар: аралас жекпе-жек шебері әрі жаттықтырушы Арман Әлімов және кәсіпкер Арипжан Тажиев.

Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында ұсталған болатын.

28 қазанда прокурор Ерлан Құланбаев сотта Қасымбаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы айыпталушының адвокаты Гүлмира Бабажанова редакция тілшісіне хабарлаған.

"Біз айыптаумен толық келіспейміз. Қорғау тарабы біздің қорғауымыздағы азаматты ақтауды талап етеді, себебі екі эпизод бойынша жәбірленушінің өз сөзінен басқа ешқандай дәлел жоқ", – деді адвокат.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар