Полиция жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын ауыстыру туралы фейкті жоққа шығарды

Көркем Алдабергенова 20 жел. 2025 10:12

Жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын ауыстыру туралы фейкті полиция жоққа шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын ауыстыру қажет деген фейк ақпарат тарады. Полиция құжаттарды беру тәртібі өзгермегенін мәлімдеді.

Абай облысының полиция департаменті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қолданылу мерзімі алдағы төрт жылда аяқталатын жүргізуші куәліктерін алдын ала ауыстыру қажет деген жалған ақпарат тарауда. Бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді.

«Жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру тәртібі өзгерген жоқ. Құжаттар тек олардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін және белгіленген тәртіппен ғана ауыстырылады. Қайта емтихан тапсыруды немесе қандай да бір шектеулерді қоса алғанда, қосымша талаптар жоқ», - деп хабарлады полиция.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар