Нұржан Қадіркей BGlobal Ventures-тің бас директоры болып тағайындалды

Кәмшат Тілеухан 27 қаң. 2025 14:35 839

Нұржан Қадіркей BGlobal Ventures-тің бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол BGlobal Ventures-тің бас компаниясы "Qazaqstan InvestmentАҚ-та басқарушы директор қызметін атқарып, тікелей шетелдік инвестицияларды (FDIтартумен және венчурлық капитал саласындағы серіктестікті дамытумен айналысқан, деп жазады Dalanews.kz.

Нұржан Қадіркейдің басшылығымен BGlobal Ventures компаниясы Қазақстанның және Орталық Еуразияның экожүйесіндегі стартаптарды дамытуда өз рөлін күшейтуге ниетті, инвестиция мен халықаралық инвесторлар қауымдастығына қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, технологиялық және инновациялық инвестицияларды белсенді қолдау,білім беру бағдарламалары арқылы венчурлық инвестицияларды жүзеге асыру және т.б. межелі мақсаттарға да ие.

Bglobal ventures LTD жекеменшік компаниясы - Qazaqstan Investment Corporation-ның еншілесі және "Бәйтерек" холдингінің құрамына енеді. Компанияның негізгі мақсаты - Қазақстан мен Орталық Азиядағы венчурлық капитал нарығын дамыту. "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ -  ұлттық экономиканы тұрақты дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған қор.

Бұған дейін Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып Қанат Құлназаровтың тағайындалғанын жазған едік


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар