Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары жаңадан тағайындалды

Кәмшат Тілеухан 27 қаң. 2025 14:11 852

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып Қанат Құлназаров тағайындалды, деп жазады Dalanews.kz.

Құлназаров Қанат Темірұлы 2005 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы "Тарба Эдмейкер" ЖШС-ның промоутері қызметінен бастады.

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жетекші маманы лауазымында жұмыс істеді.

2009 жылдан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшесі департаментінің сарапшысынан директорына дейін әртүрлі лауазымдарда болды.

2022 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Бақылау және талап-арыз жұмысы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылғы наурыздан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.

Бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кеткені хабарланған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар