Нұрай Серікбайға қатысты «72 рет пышақ тығар едім» деп пікір жазған тұрғын сот алдында жауап береді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Адвокат Аянхан Омаровтың сөзінше, Нұрайға қатысты «72 рет пышақ тығар едім» деп жария түрде пікір қалдырған @dkraken9 аккаунтының иесіне қатысты полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Яғни, құқыққа қайшы контентті әлеуметтік желіде жариялағаны үшін әкімшілік жауаптылық мәселесі қаралады. Алдағы уақытта іс сотта қаралады. Заңға сәйкес, құқық бұзушыға 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.
Бұл іс әлеуметтік желідегі жарияланған пікірлердің де құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Істің барысы туралы қосымша ақпаратпен бөлісетін боламын. Себебі, аталған тұлғаның осы мағыналас басқа да комментарийлер жазғаны белгілі болды, - дейді адвокат.