Нетаньяху сөз сөйлер алдында БҰҰ Бас Ассамблеясы залынан бірқатар делегация шығып кетті

Нетаньяху сөз сөйлер алдында БҰҰ Бас Ассамблеясы залынан бірқатар делегация шығып кетті
ашық дереккөз

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысында сөз сөйлер алдында залдан ондаған делегация өкілдері шығып кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол Израиль өзін қорғау арқылы делегациялары залдан шығып кеткен көптеген елді де қорғап отырғанын айтты. Нетаньяхудың сөзінше, кейбір елдердің басшылары Иранның ядролық нысандарын жойғаны үшін Израильге жеке алғысын білдірген.

Премьер-министр сөзінде "Хезболла" қолданған пейджерлерді де еске алды. Ол БҰҰ мінберіне пейджер алып шығып, ұйым мүшелеріне осы құрылғыларды еске салды.

Нетаньяху 2023 жылғы 7 қазандағы шабуылды 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы терактілерден 16 есе ауыр болғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды Израильге қарсы пікір таратты деп айыптап, оны "тиран" деп атады. Нетаньяху Израильге қатысты геноцид туралы айыптауларды жоққа шығарып, Израиль керісінше геноцидтің алдын алғанын мәлімдеді.