Несие алуға мәжбүрлейтін алаяқтардың гипноз қолданатыны рас па – сарапшы

Кәмшат Тілеухан 11 шіл. 2025 14:34

Қазір қоғамда кибералақтық өршіп тұр. Олардың арасында гипноз қолданатындары да бар көрінеді. Осындай бір оқиғамен қаржыгер-маман Айдархан Құсайынов бөлісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мен жаңа ғана гипноз қолданылған нақты бір оқиғадан қанықтым. Үлкен, байсалды адам ұялы телефон қоңырауына құлаққап арқылы жауап беремін деп есін бір сәтке жоғалтқан. Кейін өзі жүрген, болған жердегі сыртқы бақылау камераларын тексерсе, өзінің телефонмен сөйлесіп жүріп, арғы жақтағылардың бар айтқанын мүлтіксіз орындағанының куәсі болады. Банкке кіреді, несие тіркетеді, ақшаны аударады, тағысын тағы. Бірақ осының барлығынан өзі хабарсыз болып шыққан. Гипнозды аздап зерттеп көрген өз басым бұған сендім. Оның үстіне гипнозға қарсы тұратын ешқандай қауқар да, амал да жоқ. Сондықтан әлеуметтік желіде өз оқиғасын баяндап, "кибералаяқтарға қалай алданып қалғанын, несиені қалай тіркетіп қойғанын білмей қалдым" деп жататындарды мен жақсы түсінемін. Сол себепті бейтаныс нөмірлерге жауап бергенде ұялы телефонды мүлде құлаққа жақындатпаған дұрыс. Дауысын көтеріп қойып қойыңыз, болды. Ал миға жақындаған сайын гипноз әсері күштірек болады", деп жазады желіде қаржыгер-маман Айдархан Құсайынов.

Бұған дейін кибералаяқтарға алданып, несиеге "батқандар" қарасы көбейіп бара жатқанын айтып, дабыл қаққан экономист Расул Рысмамбетов осындай қаскөйлерге жем болған таныстарының оқиғасын баяндап берген еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар